Әйелін ұратын еркектерге жаза күшейтіледі
Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер немесе соққыға жығатындар енді әкімшілік жазамен құтылып кете алмайды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйеліне қол көтерген жуан жұдырықтылар максимум 15 тәулікке ғана қамалатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Ұрып-соғу қылмысын жасағандар үшін жаза ретінде түзеу жұмыстары мен қоғамдық жұмыстарға тарту, 25 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер бұл жақын адамдарға немесе қызметтік міндеттерін атқарған адамдарға қатысты жасалса, шамамен 50 тәулік. Ал денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жағдайда санкциялар айтарлықтай күшейтіледі, яғни шектеу мен екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтеді”, – деді депутат.
Айта кетейік, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала көз жұмды.