Saturday, 18 May,2024

Айға ұшатын ғарышкерлердің есімі белгілі болды

Uaqyt.info
Фото pixabay

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі 50 жылдық үзілістен кейін айға төрт адамды ұшыратын болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС басылымының жазуынша, Айға ұшу 2024 жылдың соңында немесе 2025 жылдың басында жүзеге аспақ. NASA ғарыш агенттігі Хьюстондегі рәсім кезінде экипаж құрамымен таныстырды. Олардың ішінде төрт ғарышкер бар, оның біреуі Кристина Кох есімді астронавт әйел. Ал Виктор Гловер Айға ұшуға қатысатын алғашқы афроамерикалық болмақ.

Агенттіктің хабарлауынша, ғарышкерлердің ұшу бағдарламасында Айға қону қарастырылмаған. Қазір экипаж мүшелері алыс сапарға қызу дайындықтарын бастап кетті.

Ұсынылатын