Monday, 16 September,2024

Әйгілі әнші Тото Кутуньо көз жұмды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Итальялық әнші Тото Кутуньо қайтыс болды. Ол Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында өмірмен қош айтысқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ANSA агенттігінің жазуынша, әйгілі әнші, композитор Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болған. Әншінің менеджері Данило Манкузо агенттікке әншінің көптен бері сырқаттанып жүргенін, соңғы айларда ұзаққа созылған ауруынан жағдайы күрт нашарлағанын айтқан. 

Тото Кутуньо 1943 жылы 7 маусымда дүниеге келді. Ал шығармашылық жолын 1960 жылдары бастады. Сол уақыттан бері әлемге танымал әндер топтамасын жазды. Оның L’italiano, Buonanotte сынды әндері Италия ғана емес, сондай-ақ көптеген мемлекеттер өте танымал.

Ұсынылатын