Sunday, 8 September,2024

Әйгілі боксер Есболат Нұрманов өмірден өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал боксшы Есболат Шарапұлы Нұрманов 54 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Суыт хабар.... арамыздан Әйгілі боксер Есболат Шарапұлы Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егеменді елдің тұңғыш профи-боксері, 17 жасында бокстан СССР құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы КазПТИның Гидрогеология, барлау техникасы факультетінде, бір топта бірге оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан кеден қызметінде жұмыс жасады. Иманың саламат болсын, Алла Тағала алдынан жарылқасын, досым", - деп жазды Ғабиден Жәкей.

Ұсынылатын