- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Айгүл Иманбаева: “Оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермедім”
Айгүл Иманбаева: “Оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермедім”

Лондонда оқып жүрген әнші Айгүл Иманбаева марқұм әкесі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Өмір барда өлім хақ. Менің бір қанатым әкем Жәрдемәлиев (Иманбаев) Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы бүгін жерге тиді. Алланың берген жасы 73 екен. Кеше ғана тауып, қасында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап 46 жасымда әкемнің қасында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады маған, сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем бір-біріне ішінде қалған реніштерін кешіріп енді ғана әдемі сыйластық басталған.Үзілді… Шүкір дедім. Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне бәріне шүкіршілік еттім. Тек жанымды қатты қинаған менің сыртта оқуда жүріп, бүгін әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім.Тапқаным кеше ғана еді, бүгін жоғалттым. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен, шүкіршілік еттім. Жаныңыз жәннәтта болсын, әке”,– деп жазды Айгүл Иманбаева.
Әншінің әкесі 8 тамызда көз жұмды.