Saturday, 23 November,2024

Айнұр Тұрсынбаев еркектердің қуатын арттыратын шай зауытын ашты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі мотиватор, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Қазақстаннан шай шығаратын зауыт ашты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Онда ол табиғи, таза органикалық өнімдер шығаратын зауыттың ашылғанын хабарлаған.

“Біз бүгін төрт өнімді ұсынып отырмыз. Біріншісі көк шай, бірақ бұның дәмі көк шай болғанымен, ішінде итмұрын, тауда өскен жалбыз, қант диабетімен ауыратындарға ішуге болатын науат, Түркиядан әкелген цитрустар қосылған. Екішісі дәруменге толы қара шай, үшіншісі сұңғыла тамырынан жасалғани емдік шай, төртіншісі – тірі хлорелла”, - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұрдың айтуынша, шай Мойынқұм өңірінде өсетін шөптің тамырынан жасалған. Ол ер азаматтардың белсіздігін жоятын қасиетке ие екен.

“Біздің Мойынқұмның шалдары сұңғыла деген шөптің тамырының тонналап Қытайға кетіп жатқанын көріп, іштен тынып жылайтын еді. Соны естіп, 2021-жылы тәуекел деп ауылдың балалары жинаған 20 тонна сұңғыланы сатып алдық. Ол кезде не зауыт, не қойма жоқ, Қытайға бермесек болды деп сатып ала бердік. 2 жылдың ішінде барлық күшімізді, ақшамызды, жанымызды салып, осы цехты салдық. Сөйтіп тамырдан шай жасайтын зауыт іске қосылды. Шығыс медицинасы ең күшті өсімдік деп женьшенді есептесе сұңғыла женшеньнен 10 есе күшті! Урологтар сұңғыланың шәйі виаградан 5-10 есеге дейін күшті деп айтады. Сұңғыланың тамырын үгітіп тышқандарға беріп эксперимент жасағанда тышқандардың көбеюі 5 есеге артып кеткен. Сұңғыланың шәйін 1 ай ішкен адамның өтіндегі, бүйрегіндегі тас үгітіліп тап-таза боп кетеді. Сұңғыланың шәйін 1 жыл ішкен адамның бойында ауру қалмайды. Сұңғыланың шәйі еркектер белсіздігін толық емдейді. Сұңғыланың шәйі рак клеткаларын жояды. Сұңғыла Қытайда қызыл кітапқа енген өсімдік, - деді Тұрсынбаева.

Ұсынылатын