- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Айтқанының бәрі өтірік”. Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді
“Айтқанының бәрі өтірік”. Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді
Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Нұрбике Нұрқаділованың Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбаты қоғамда қызу талқыланды. Онда Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуі және Мақпал Жүнісова туралы ел естімеген шындықты ашқан еді. Uaqyt.info атышулы сұхбаттың үзінділерін бірнеше мәрте жариялады.
Кейіннен әнші өзі туралы айтылған түрлі әңгімеге нүкте қойды. Ол nege.kz тілшісіне бұл туралы сұхбат бермейтінін айтқанымен, ойындағысын жасырып қала алмады.
“Рақмет, қарағым! Даже не стоит! Мен ол кісінің деңгейіне түспеймін. Бәрін өтірік айтып отыр. Сондықтан мен ол кісімен жарысып сұхбат бермеймін. Кешірім өтінем, оттай берсін!”, – деді Мақпал Жүнісова.