Thursday, 19 September,2024

Аюға көрсетілген сес пе? Ел арқылы Ресейге кетіп жатқан 106 тауар түріне шектеу қойылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Сенаттың жалпы отырысынан кейін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресейдің Украина жеріне басып кірген сәтінен бері қандай тауарларға шектеу қойылғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сөзінше бүгінде еліміз арқылы Ресейге экспортталатын 106 тауар түріне шектеу қойылған. Себебі ол заттардың соғысқа қандай да бар үлесі бар көрінеді.

"Жалпы, біз барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек Ресейге соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектедік. Бұл тізімге 106 түрлі тауар енді. Біз олар бойынша экспортқа мүлдем тыйым салдық. Соның арасында қақтығыс кезінде қолданылатын дрондар, арнайы электроника, чиптер және басқа да құрылғылар бар", – деді министрлік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, аталған 106 тауар Қазақстанда өндірілмейді. Бұрындары бұл өнімдер еліміздің аумағы арқылы экспортқа шығарылған еді. Қазір осы тауарлар елімізге импортталғанымен, Ресейге шығарылмайды.

Ұсынылатын