Saturday, 7 June,2025

Шымкентте белгілі кәсіпкердің демеушілігімен волейболдан турнир басталды

Uaqyt.info
Фото

Шымкентте  волейболдан 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар арасындағы турнир жалауын көтерді. Ашылу салтанатына белгілі спорт шеберлері, мәжіліс депутаттары және арнайы қонақтар қатысты.  Үш айға созылатын жарыс белгілі кәсіпкер Бағлан Көпбаевтың демеушілігімен өтіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бағлан Көпбаевтың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ волейболды дамытып, Шымкент қаласының құрама командасын іріктеу. Айта кетейік,  лига 7 кезеңнен тұрады, әр айдың, әр аптаның сенбі күндері өтеді. Ал ақтық кезең тамыз айына жоспарланған.

“Шымкент лигасына қатысатын спортшылар міндетті түрде мекен жайы Шымкент қаласы болуы қадағаланады. Лиганың бірінші кезеңінде ойыншы қай командаға ойнады, сол ойыншы лига біткенше басқа командаға ауыстырылмайды”, - делінген хабарламада.

Кәсіпкер жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйақы да тағайындап қойған. Сондай-ақ кәсіпкерге тиесілі  «ROYAL MOTORS AUTO»  ЖШС үздік ойыншыларға сыйлықтар берілетінін айтып отыр.

“Жастарды спортқа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануға үндей алсақ үмітіміздің ақталғаны. Мұндай жарыс тек биыл ғана емес, дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады. Мені қолдап, жан-жақтан келген аға, дос-бауырларыма алғысымды айтамын. Ал жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін. Бұйырса, үш айдан кейін жарыс жеңімпаздары анықталады. Тек мықты команда жеңіске жетсін. өз командаңызға жанкүйер болыңыз”, - деді Бағлан Көпбаев.

Жарыс жеңімпаздарына:

1       І-орын       500,000 тенге

2       ІІ-орын      300,000 тенге

3       ІІІ-орын     200,000 тенге

4       Үздік номинациялар бағалы сыйлықтар табысталады.

Ұсынылатын