Friday, 20 September,2024

Аюсай шатқалында із-түссіз кеткен үш турист табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алмарасаннан Аюсай шатқалына бағыт алып, кейіннен адасып кеткен үш турист аман-есен табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚР ТЖМ мәліметінше, олардың із-түссіз кеткендері туралы ақпаратты туыстары түсірген. Үш адамды іздестіруге 7 адамнан тұратын құтақарушы топ жұмылдырылды. Нәтижесінде, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды.

Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде бір кинологиялық есеп жолға шықты. Сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеуге кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастады, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті, - делінген мәліметте.

Ұсынылатын