Saturday, 5 October,2024

"Айына 50 мыңға жалға береді". Харам делінген есектің сүті сан түрлі ауруға шынымен ем бе?

Алмас Абылай
Фото instagram.com/gulmir_ktk/

Қоғамда есектің сүтіне байланысты екіжақты пікір әлі басылған емес. Тіпті бүгінде осы мақсатта сауынды есегін 50 мыңға жалға беретіндер де табылуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Есектің сүтіне байланысты мәселені журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік парақшасында жазды. Ол емі жоқ дертке осы жануардың сүтін ұсынып жүргендер көп екеніне тоқталған. Тіпті коронавирус кезінде литрі 5 мың теңгеден сатылғанын, қазіргі уақытта Алматы қаласы маңында сауынды есегін айына 50 мың теңгеге жалға беретіндер барын да жазыпты. Бірақ нақты қандай емге пайдаланатынынхалықтың өзінен сұрауды жөн көрген. Осы мақсатта оқырман сауалын жұрт талқысына шығарып отыр.

Онда Назира есімді кісінің қызына емдеу үшін есектің сүті қайда сатылатын сұраған. Жазуынша қызы төс тұсында онкологиялық ауруға шалдығыпты.

Дей тұрғанымен желідегі жұрттың пікірі әртүрлі. Бірі харам екенін еске салса, енді өзгелері шынымен емдік қасиеті барына тоқталған.  

Ұсынылатын