“Айына 500 мың төлеймін”. Басында несиесі бар жұлдыздар кімдер?
Қазіргі таңда басында қарызы жоқ қазақ кемде-кем шығар. Тапқан табысының тек жартысын несиеге төлеп жүргендердің арасында танымал азаматтар да бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әлеуметтік сұраққа «Келінжан» сериалының актерлері жауап берді. Ғаламторда пайда болған видеодан олардың ай сайын несиеге қанша төлейтінін білуге болады. Мәселен актер Алмат Сақатав айына 300 мың теңге төлейді екен.
«Осындай ақымақтың сұрағын қалай қоясыңдар? Несие әрине бар. Айына 300 мыңның жобасында төлеймін», - деді Алмат Сақатов.
Сериалдағы Қылышбектің рөлін сомдайтын актер Рүстем Жаныамановтың да басында қарыз бар. Ол айына жарты миллион теңге несие төлеймін дейді.
“ Несие бар, Құдайға шүкір. Бөліп төлейтін, экеуі де бар. Айына 500 мыңдай төлеймін», - деді Рүстем Жаныаманов.
Жоғарыда айтылған екі актерге қарағанда Назар Шархандыкі біршама аз болып шықты. Оның банк алдындағы қарызы – 71 мың теңге.
«71 мың теңге. Енді 5 жылдай төлеймін», - деді Назар Шархан.