Saturday, 23 November,2024

Айыппұл арқалады: Алматылық қос келіншек ұшақ бортында темекі шеккен

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматылық екі әйел ұшақ бортында темекі шеккен. Олардың бұл әрекеті жұрттың шамына тиіп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Пхукет – Алматы" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне акт бойынша екі жолаушы әйел берілді. Тексеру барысында көлік полицейлері олардың ұшақ бортында электронды темекі шеккенін тіркеді.

Алматы қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғыны бір топ жолаушының ортасында тәртіп бұзып, жұрттың мазасын алған.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, тұтынудың электрондық жүйелерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Жалпы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе рейсінен 60 азаматты түсірген. Оның ішінде 29 адам темекі өнімдерін тұтыныпты.

Ұсынылатын