Әкесіне сенген бала: Павлодарда әкімнің ұлы оқушы қыздың тұмсығын бұзды
Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жығып, иұрнын сындырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен брифингте болған жайтты растады.
“Интернетте және әлеуметтік желілерде пайда болатын әр жағдай бойынша тексеріс жүргіземіз. Сонымен қатар міндетті түрде тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаймыз. Жақында осындай жағдайда әрекет етудің жаңа әдістемесін қабылдадық: анықтау - әрекет ету - көмек көрсету. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті шаралар қолданылады. Ал туыстық жағына келер болсақ. Ол расталды”, - деді Еділ Оспан.
Мамандардың айтуынша, бұзық оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған іс ювеналды сот қарап жатыр.