Sunday, 8 December,2024

Әкесінің қайтыс болғанын естігендер дәрігерлерді соққыға жықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

А.ж. 19 қыркүйегінде сағат 10:35 шамасында, Талғар ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне қалалық ауруханасының 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полициясында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 ж.т. Ш есімді және 1994 ж.т. Н есімді күдікті тұлғаларды анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберінде жария етуге жатпайды.

Ұсынылатын