Saturday, 23 November,2024

"Әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық". Президент ауыз су тапшылығын сынға алды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ауыз су тапшылығына байланысты қатты айтты. Сөзінше бұл әкімдердің жұмысындағы олқылық, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мемлекет басшысы еліміздің бас қаласы мен өзге де өңірлерде байқалған су тапшылығын сынға алды. Тіпті бұл жағдайға тұрғындар наразылығын білдіріп жатқанына да тоқталды.

"Бұл да – орынды. Осы түйткіл – әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық. Оны тез арада түзету керек. Әкімдердің қолынан келмесе, тиісті шешімдерді қабылдаймын. Негізгі мақсат – табысты болып көріну емес, шын мәнінде табысты мемлекет болу. Бұл мызғымас қағида болуға тиіс. Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды – Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады", - деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев әр адам өз үйіне жауапкершілікпен қарағандай қоғамға да ұқыптылықпен мән беру керегін алға тартты. Әрі Қазақстан іші де, сырты да бүтін ел болғаны абзал деді.

Ұсынылатын