Sunday, 24 November,2024

Әкімді көру арман болды: Халық Алматы облысының әкіміне іздеу салды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысының тұрғындары әкім Марат Сұлтанғазиевке іздеу салды. Тұрғындар әкімнің қабылдауына жазылғанмен, шендімен кездесу бақыты мүмкін емес екенін айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы наразы халық әлеуметтік желіде жазды. Онда тұрғындар Марат Сұлтанғазиевке көкейдегі наздарын жеткізе алмай жүргендеріне көп уақыт болғанына тоқталған. Тіпті арасында айлап емес жылдап кезекте тұрғандары да бар екен.

Оңбаған әкім ғой. Ешкіммен кездеспейді, қабылдамайды. Әкім болып несіне отыр?!”, “Орнынан кетсін деп петиция жинау керек!”, “Үш рет қабылдауына жазылдым, бірақ ешқандай нәтиже жоқ!, қабылдау тұрмақ, жазылған хатқа да жауап бермейді”, “Менің қабылдауына жазылғаныма бір жыл болды. Әлі кірмедім”, “Облыс әкімінің қабылдауына түсу мүмкін емес. Жаттанды, сырғытпа жауаптарымен кіргізбейді”, - деп жазды облыс тұрғындары.

 

 

 

 

Ұсынылатын