Sunday, 24 November,2024

Әкімдік қайда қарап отыр? Қарағанды әп-сәтте жарықсыз қалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағанды тұрғындары жарықсыз қалды. Тұтас өңірді электр энергиясымен қамтып тұрған ЖЭО-нан ақау шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдайды жоюмен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз.

"Қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-те технологиялық ақау туындады, салдарынан 220 кВ-тың Ашық тарату құрылғысы өшіп қалды. Себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әзірге қалаға қайта жарықтың қашан берілетіні белгісіз.

Ұсынылатын