Friday, 22 November,2024

“Әкіреңдеп, өкіреңдеп...” Айқын Төлепбергеннің әкесі келіндеріне ырза ма?

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің әкесі Нұртан Төлепберген келіндері туралы алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Нұртан Төлепбергенді көп ел белгілі сатирик, журналист, ақын ретінде таниды. Бірақ танымал әнші Айқын Төлепбергеннің әкесі екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. 73 жастағы қария әнші ұлының бірқатар әнінің сөзін жазған.

“Қазір балаларға арналған кітаптар шығарып жатырмын. Айқынның 4-5 әнінің мәтінін жазып бердім. Сахнадан, радио, телеарнадан айтылып жүр”, - деді Нұртан Төлепберген.

Нұртан Төлепберген қазір үлкен ұлымен бірге тұрады екен. Жақында зәулім сарай салып жатқан Айқынның үйіне көшпек.

Айқыннан төрт немерем бар. Қазір үлкен ұлыммен бірге тұрамын. Бұйырса, Айқын ана үлкен үйді бітірсе, сонда көшеміз. Барлығын қазақша оқытып, қазақша тәрбиеледік. Соның жемісін көріп жатырмыз, Құдайға шүкір!”, - деді ақын.

Әншінің әкесі келіндері туралы да пікір білдірді. Айқынның бұрынғы әйелі Әселмен де, қазіргі жары Жұлдызбен де  қарым-қатынасымыз жақсы дейді.    

“Келіндерім жақсы, барлығы қазақи тәрбиеленген. Айқын концертке, Жұлдыз киноға түсуге кеткенде, апаң екеуміз солардың балаларын қарап қаламыз. Бірінші келінмен де қарым-қатынасымыз жақсы. Араласып тұрамыз. Өйткені екі немереміз бар ғой. Жақында ғана немеремнің 7 жасқа толғанын атап өттік. Жастардың отбасылық мәселесіне араласпаймыз. Өздері шешеді, ақылдары бар ғой. Кеңесімізді айтып отырамыз. Жұлдыз да жақсы, Әсел де жақсы. Өзің жақсы болсаң, бәрі жақсы болады ғой. Әкіреңдеп, өкіреңдеп тұрсаң кім жақсы көреді?!”, - деді Нұртан Төлепберген.

Ұсынылатын