- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Актриса Динара Әлжан өз сұхбатынан кейін полиция қызметкерлерінің түн мезгілінде сес көрсеткенін мәлімдеді
Актриса Динара Әлжан өз сұхбатынан кейін полиция қызметкерлерінің түн мезгілінде сес көрсеткенін мәлімдеді
Алмас Абылай
Фото instagram.com/dinaralzhan
Актриса Динара Әлжан соңғы сұхбатынан кейін өзіне құқық қорғау органы қызметкерлерінің қоқан лоқы жасағанын мәлімдеді деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында айтты. Сөзінше оған түнгі сағат 23:00 шамасында полиция қызметкерлері сес көрсеткен. Тіпті көлікпен қуалаған көрінеді.
"Сағат түнгі 23:00-ден кейін ескертусіз келіп, менің артымнан көлікпен қуалады. Ол бейнежазбалар менде бар. Бейбіт жолмен тарайық. Әйтпесе мен оны таратамын. Полиция қызметкерлеріне айтатыным, маған тиіспей, әркім өз жолымен жүрсін. Мен адвокатыммен арыз-шағымымды дайындап отырмын", - дейді актриса.
Еске салайық, бұған дейін Динара Әлжанның “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбаты жайлы жазылды. Ол кезде актриса Болат Назарбаев пен Қайрат Нұртасқа байланысты тың деректерді айтып берген.