- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Актриса Динара Әлжан түн мезгілінде сес көрсеткен полицейлердің бейнежазбасын жариялады
Актриса Динара Әлжан түн мезгілінде сес көрсеткен полицейлердің бейнежазбасын жариялады
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Актриса, әнші Динара Әлжан өз сұхбатынан кейін сес көрсеткен полицейлер жайлы мәлімдеген. Енді сол жағдайдың толық бейнежазбасын жариялап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әнші түн мезгілінде сес көрсеткен полицейлер бейнежазбасын әлеуметтік парақшасына жүктеді. Видеода бірнеше азаматтың Динара Әлжанды сұраққа алып тұрғанын байқайсыз. Тіпті өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырған ер адамдардың үстінде арнайы форма да жоқ.
Актриса өз видеосында сондай-ақ сұраққа алған азаматтардың ішімдік ішіп келгенін айтып тұр.
Мұнан кейін ол полицияға да, прокуратураға да арыз қалдырған.
Еске салайық, бұған дейін Динара Әлжан полиция қызметкерлерінің түн мезгілінде сес көрсеткенін мәлімдеген еді.