Sunday, 24 November,2024

Алакөлде су мотоциклі ер адамның аяғын жұлып әкетті

Uaqyt.info
Фото

Алакөлде ер адамды су мотоциклі қағып, соның салдарынан ол бір аяқсыз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғаламторда тараған видео көптің төбе шашын тік тұрғызды. Онда жағалауда жатқан ер адамды көруге болады. Оның бір аяғы жұлынып қалған. Белгілі болғандай, оны су мотоциклі қағып кеткен. Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 шілдеде Алакөлдегі демалыс орындарының бірінде болған. 1984 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр.

"Жамбастың травматикалық ампутация с/3. Сол жақ саны бірнеше жерден үгіле сынған, тізе буыны сынған. 3-4 деңгейдегі травматикалық шок. Ауыр дәрежедегі геморагиялық шок. 31 шілдедегі жағдайы өте ауыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал полицейлер аталған дерек бойынша тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Оқиға бойынша Алакөл аудандық полициясы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс аудандық полицияның ерекше бақылауына алынды", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.

Ұсынылатын