Friday, 22 November,2024

Алданғанын дәлделдей алмады: Қайрат Нұртастың қыздары алаяқтардың құрбанына айналған

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Оян" таңғы хабарында жасөспірім қыздарының интернеттегі алаяқтарға алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның екі қызы интернет-дүкеннен киімге тапсырыс беріп, ақшасы төленген заттарын ала алмаған. Жұлдызды отбасы алаяқтарға тап болатынын дәлелдей алмады. Бұл мәселе төңірегінде әлеуметтік желідегі алаяқтыққа қарсы жастар қозғалысының өкілдері өз пікірімен бөлісті.

Олардың айтуынша, алаяқтар жалған интернет-дүкендер арқылы жиі алдайды. Мамандар бұл қылмыс түрінен сақтану үшін интернет-дүкеннің мекенжайын мұқият тексеріп, ақша жіберетін банк карточкаларына абай болу керек екенін ескертті.

Сондай-ақ жалған интернет-дүкендердің парақшаларында пікір қалдыру бөлімі көп жағдайда жабық болатынына назар аудартты.

Хабар барысында мамандар алаяқтарға алданып қалмаудың ең оңай тәсілдерін айтты. Қоғамға пайдалы іспен айналысып жүрген жастар 2 жылдың ішінде көптеген алаяқтық схемаларды әшкерелеп, алданып қалған 40 шақты адамның ақшасын қайтарып алуға көмектескен. 

Ұсынылатын