Saturday, 23 November,2024

Алдау ма, әлде одан да биік адамдар бар ма? АҚШ Президенті наразылық шеруіне шықты

Алмас Абылай
Фото ВВС

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мичиганға сапары барысында наразылық шеруіне қосылды. Ол халықпен бірге еңбекақы көтерілсін деп ұрандатып жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Джо Байден наразылық шеруіне шыққан автоөнеркәсіп саласының өкілдеріне қосылып, оларды қолдайтынын білдірген. Бұған дейін АҚШ-тың іс басындағы бірде-бір президенті ереуілшілерді қолдауға арнайылап келмеген еді.

АҚШ Президенті наразылыққа шыққан халықтың сөзін қолдайтынын, тіпті олар «жалақы мен басқа да жеңілдіктердің айтарлықтай өсуіне лайық» екенін айтты.

Америка автокөлік жұмысшылары одағының (UAW) мүшелері үш ірі компания – Ford, General Motors және Stellantis Мичиганда жалақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде.

Дей тұрғанымен ондағы жұрт Байденнің қосылуы шеруді саясиландыру деп қауіптенуде.

Ұсынылатын