Saturday, 18 May,2024

Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутпен ұтты

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Сағындық Тоғамбай Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді мерзімінен бұрын ұтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

86 келіге дейін өнер көрсететін қазақстандық Сағындық Тоғамбай 1/16 финал қарсыласынан басым түсіп, Әлем чемпионатын сәтті бастады. Ол конголық Натан Нланду Мбелиді техникилық нокаутпен ұтты. Осылайша қазақ жауынгері 1/8 финалға өтті.

Айта кетейік, Сағындық жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін чемпионы. Uaqyt.info Ташкенттегі дүбірлі жарыс туралы үздіксіз ақпарат беріп жатыр.

Ұсынылатын