Saturday, 18 May,2024

Әлем чемпионатында Талғат Сырымбетовтің жолы болмады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Талғат Сырымбетов қарсыласына есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Талғат Сырымбетов 1/16 финалда иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехке есе жіберді. Соңғысы өткен жылы Азия чемпионы  атанған болатын. Қос боксшының кездесуінің бірінші раунды иорданиялық боксшының пайдасына шешілсе, екінші раунда Талғат есепті теңестірді.

Ал үшінші кезеңде төрешілер жеңісті иорданиялық боксшыға берді. Есеп - 1:4. Uаqyt.info Ташкенттегі әлем чемпионаты туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын