Әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегер атанды
Uaqyt.info

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айта кетейік қол медаль үшін Жәмилә польшалық Наталия Стрзалькамен шеберлік байқасқан болатын. Нәтижесінде ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтты.
Жамила Бақбергеновв 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған, сондай-ақ ол үш мәрте Азия чемпионатында топ жарды.