Sunday, 8 September,2024

Әлемде жеті ұрпағына жететін байлық қалдырған екі-ақ сантехник бар

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Әлемде жеті ұрпағына жететін байлық жинап, артына мол мұра қалдырған екі-ақ сантехник бар екен. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Біріншісі ережесіз жекпе-жектен UFC чемпионы Конор Макгрегор. Ол өте кедей бірақ жанкешті болған. 23 жасында сантехниктің көмекшісі болып жұмыс істеп, кейін кәсіби спортқа ден қойған. Қазіргі байлығы 180 млн $.

Екіншісі Шамалғаннан шыққан сантехник Болат Назарбаев. Банктегі есеп-шоттары, активтері мен бизнестерін бір күнде тізіп шығу мүмкін емес. Бірақ Конор Макгрегордың байлығынан бес есе көп екеніне күмән жоқ”, - деп жазды Диас Нұрақын.

 

Ұсынылатын