Әлемдегі ең кәрі ит 240 жасында өлді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Португалияда Боби атты әлемдегі ең кәрі ит өлді. Ол 31 жыл өмір сүрді, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.
11 жыл – жақсы көрсеткіш, 13 – керемет жетістік, ал 16 жыл – нағыз бағы барлар өмір сүреді, себебі адам жасына шаққанда бұл 120 жаспен пара-пар.
31 жыл әлі бірде-бір ит өмір сүрмеген. Қарапайым арифметикаға сүйенсек, тұқымы – португалиялық мастиф Боби кем дегенде 240 жас жасаған.
Жануардың өлімі туралы оның емімен айналысқан ветеринар Карен Беккер мәлім етті.
Иттің өлімінен кейін алғашқы болып Гиннес рекордтар кітабынан хабарласқан. Биылғы 2 ақпанда рекордтар кітабы Бобиді адамзат тарихындағы ең кәрі ит деп таныған еді.