Әлемдегі ең қымбат балмұздақ 6400 доллар тұрады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Құны 6400 доллар тұратын “Ақ түн” деп аталатын балмұздақ Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
CNN басылымының жазуынша, Жапонияның Cellato бренді шығарған бұл балмұздақ әлемдегі ең қымбат дисерт ретінде тіркелді. Оның құрамында Италияның Альба қаласында өндірілетін ақ трюфель бар.
Ал оның бір келісі 14500 долларға дейін жетеді. Cellato компаниясы мамандарының айтуынша, “Ақ түн” балмұздағын шығару үшін 1,5 жыл уақыт кеткен. Ол тек қана тәтті тағам ғана емес, сондай-ақ құрамы сирек кездесетін өнімдерден тұрады.