Saturday, 23 November,2024

Әлемдегі халқы ең көп ел: Үндістан мемлекет атын өзгертпекші

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Үндістан билігі мемлекет атын өзгертпек. Мұндай шешім Парламенттің алдағы сессиясында қаралады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы The Economic Times жазды. Дерекке сүйенсек, билік Үндістан деген атауға қарсы. Себебі бұл атау құлдықтың символы көрінеді. Яғни Үндістан сөзін әлемдік ұғымға Британдықтан енгізген деп кейіп отыр Парламенттегілер.

Осыған байланысты қыркүйектің 18-22-сі аралығындағы сессияда мемлекет атауын ауыстыру талқыланбақ. Тіпті дәл осы күндері елдің аты өзгеріп кетуі мүмкін.

Билік Үндістан сөзінің орнына Бхарат атауын қолданған жөн дейді.

"Біздің ел мыңдаған жылдар бойы Бхарат деген атпен танымал... Бұл - ежелгі санскрит мәтіндерінде кездесетін елдің ежелгі атауы. Үндістан атауы құлдықтың символы болды. Оны Конституциядан алып тастау керек", - дейді Үндістан Парламенті.

Жалпы мұндағы халық хинди тілінде өз елін "Бхарат" деп атайды, бұл ресми құжаттарда көрсетілген.

Ұсынылатын