Tuesday, 11 February,2025

Әлемдік музей каталогтары қазақ тіліне аударылады

Uaqyt.info
Фото

«Қазақ тілі» қоғамы әлемдік музей каталогтарын қазақ тіліне аудару жобасын қолға алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қазақ тілі» қоғамы айналдырған екі жылдың ішінде ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Қазақ тілінің аясын кеңейту мақсатында жасалған бірқатар жобалар бүгін де көптің көңілінен шығып жүр.

Әлемдік туындыларды қазақ тілінде сөйлеткен жоба авторлары енді әлемдік музей каталогтарын қазақшаламақ. Оның ішінде мынадай ірі музейлер бар.

1. Эрмитаж

2. The British Museum

3. The Metropolitan Museum of Art

4. Museo Nacional del Prado

5. The Louvre Museum

6. The Vatican Museums

Uaqyt.info “Қазақ тілі” қоғамы туралы бұған дейін бірнеше рет жазған болатын. Айта кетейік, қордың жинаған сомасы 500 миллион теңгеге жуықтады. Оның 100 миллион теңгесін белгілі меценат, алматылық депутат Дулат Тастекей берді.

Ұсынылатын