- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысы басталды
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысы басталды
Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысы басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.
Съездің ХХІ хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және тағы басқа елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысады деп күтілеуде.
Еске сала кетейік, 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі барысында форумға қатысушылар съездің жұмыс органы - хатшылықты құру туралы шешім қабылдады.