Saturday, 27 July,2024

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарататындар айыппұл арқалайды - Бас прокуратура

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарататындардың әкімшілік жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Берік Асылов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты. Онда Бас прокурор «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» заң жобасы əзірленгенін және құжаттың Парламент Мəжілісінің қарауында екенін жеткізді. Берік Асыловтың айтуынша, жалған ақпарат таратқандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

“Аталған заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған жəне өз мақсаттары мен өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде. Осылайша, осы заң жобасы қабылданған жағдайда интернет кеңістігінде көрінеу жалған ақпараттың таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасалады деп санаймыз. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда жəне бақылауда”, - деді Берік Асылов.

Ұсынылатын