- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Алғашқы немересінің бесік тойында бұрала билеген Роза Рымбаеваны жұрт қызу талқылауда
Алғашқы немересінің бесік тойында бұрала билеген Роза Рымбаеваны жұрт қызу талқылауда
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен қуанышты күнді дүркіретіп өткізді. Немересінің бесік тойына келген өнер адамдары өте көп, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Роза Рымбаеваның алғашқы немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізгенін бірқатар өнер адамдары өз әлеуметтік парақшасында жаппай салуда. Бәрі дерлік бұл қуаныштың әсерлі өткенін байқатып әлек. Тіпті әлеужеліге тараған бейнежазбалар ішінде Халық әртісінің бұрала билеген сәтін де көруге болады.
"Роза Рымбаева ұзақ күткен қуанышында қатты бақытты болып жүр", - деп жазылған бейнежазбаға.
Десе де, әншінің бұл әрекетін желідегі жұрт қызу талқыға салған. Бірі кіп-кішкентай сәбиді қалай қорықпай жұртқа көрсетеді деп сынға алса, енді өзгелері жақсы тілектерін қалдырған.
«Шақалақ баланы қалай қорықпай көрсетіп жатыр». «Роза апамыз артық кетті. Немересін олай көрсетпеу керек еді». «Шақалаққа көз тиеді ғой». «Керемет, қуаныш ұзағынан болсын». «Сонша жыл күтті ғой. Бақыт деген осы», - деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.
@kaz.stars ♬ оригинальный звук - Қазақстан жұлдыздары