- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Алғашқы немесе соңғы роман: Алматыда жігітпен кездесуге келген қыз өлі табылды
Алғашқы немесе соңғы роман: Алматыда жігітпен кездесуге келген қыз өлі табылды
Алматыда жігітпен кездесуге келген қыз өлі табылды. Марқұм фармацевтикалық компанияның директоры болып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қайғылы оқиға 17 қазанда болған. Қаладағы кафелердің бірінде қыз бен жігіт кездесіп, оның соңы жайсыз хабармен аяқталды.
Куәгерлердің айтуынша, алғашында ер адам өзін біртүрлі ұстап, оны қыз тыныштандырмақ болыпты. Ол әрекетінен түк шықпаған соң, ол полиция шақыртуға мәжбүр болыпты.
Бірақ тәртіп сақшылары келем дегенше, жігіт қызды далаға сүйреп әкеткен. Оқиға орнына келген полицейлер 20 минуттан кейін қыздың жансыз денесін тапты.
Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың өліміне себепкер болуы мүмкін делінетін күдікті ұсталды.
"Осы қылмысты жасады деген күдікті - 1991 жылы туған Т. ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс шеңберінде тергеудің жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттары қатаң сақталып, тергеу жүргізіледі. Сараптамалар тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.