Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады. Онда мемлекет басышысының Жарлығымен Ұлттық экономика министрі лауазымына Әлібек Қуантыровтың тағайындалғаны айтылған.
Әлібек Сакенұлы Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласында туған.
2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
2008 - 2010 жылдары Мичиган университетін «Қолданбалы экономика магистрі» дәрежесімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған.
Президент жастар кадр резервінің мүшесі.
Қазақ, ағылшын, испан, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген.
«Ерен еңбегі үшін» және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталды.
2005 ж. қыркүйек айынан бастап 2006 ж. ақпан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ішкі әкімшілік департаменті, халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде қызмет атқарған.
2007 жылы Жапонияның Қаржы министрлігінде экономикалық саясат бойынша екі айлық тағылымдамадан өткен.
2006 ж. ақпан айынан бастап 2010 ж. қазан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы және Экономикалық даму және сауда министрлігі аталған департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген.
2010 ж. қараша айында Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2010 ж. қараша - 2013 ж. ақпан айы аралығында Қаржы министрлігінің бюджет саясаты және жоспарлау департаменті, бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарған.
2013 ж. ақпан-маусым айлары аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2013 ж. маусым - 2019 ж. сәуір айлары аралығында Президент Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.
2019 ж. сәуір айынан бастап 2021 ж. ақпан айына дейін Тұңғыш Президент – Елбасы кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.
2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. қаңтар айына дейін Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.
2022 ж. 11 қаңтарда Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.