- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Әлиевтің мәлімдемесі, екі тараптың келіссөзі, Путиннің қоңырауы: Таулы Қарабақта не болып жатыр?
Әлиевтің мәлімдемесі, екі тараптың келіссөзі, Путиннің қоңырауы: Таулы Қарабақта не болып жатыр?
Таулы Қарабақтағы соғыс тоқтады. Десе де жағдай әлі толық тұрақталған жоқ. Күні кеше Әзірбайжан әскері армяндар шебін бұзып, бірқатар жерді басып алған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Таулы Қарабаққа талас Әзірбайжан мен Армения мемлекеттері арасында 1917 жылдан бері жалғасып келеді. Армяндар Степанакерт, ал әзербайжандар Ханкенди деп атаған Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде негізінен мұсылмандар тұратын Әзербайжанның бөлігі ретінде танылған. Бірақ онда тұратын этникалық армян-христиандар.
Бір ғасыр бойы алысқан елдер бүгін ашық шайқасқа көшкен. Осылайша Әзірбайжан сарбаздары 1 тәулік ішінде аймақтың көп бөлігін басып алып, Баку қарамағына өткенін хабарлады.
Тіпті осы жағдайдан кейін Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев те Таулы Қарабақтағы этникалық армяндардың, яғни 120 мың халқы бар өңір толықтай Әзірбайжанның бақылауында, меншігінде болатынын мәлімдеді.
Осы жағдайдан кейін Әзірбайжанның Евлах қаласында Армения мен Әзербайжан делегациялары кездесті. Тараптар реинтеграция мәселелерін талқылады. Бірақ нақты ортақ шешімге келген келмегені жайлы нақты ақпарат жоқ.
Бұл кездесуден кейін Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевке Владимир Путин қоңырау шалған. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Кремльдің хабарлауынша, Әзербайжан президенті ресейлік бітімгерлердің қазасына байланысты кешірім сұрап, көңіл айтқан. Яғни бүгін екі ел шекарасында ресей азаматтары қайтыс болды. Бәрін түгел қырып салған. Десе де Әзербайжан басшысы "бұл жағдай барынша мұқият тексеріліп, барлық кінәлілер тиісті жазасын алатынын" айтты. Әрі Әлиев қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
ВВС-дің жазуынша, қазіргі уақытта Таулы Қарабақтағы мылтық даусы тоқтаған. Жағдай әрі қарай қалай болады әзірге ешкім ештеңе айта алмайды.