“Алимент төлемейді”. Омар Жәлел үш баласынан неге бас тартты?
Белгілі Абайтанушы, Сюцай ілімін насихаттап жүрген Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі Ләззат Мырзаш онымен не себепті ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Paryz.kz сайтының жазуынша, Омар Жәлел Ләззат Мырзашпен Түркияда некелерін қиған. Орталарында үш бала бар. Бірақ отбасылық құндылықты үнемі насихаттап жүретін ғалым балаларына мүлдем көмектеспейді екен.
«Бес жыл отасып, үш баланың ата-анасы атандық. Бастапқыда Түркияда оқып жатқан жеріме арнайы келіп сырға-сақина тағып, кіші жарым боласың ба деп ұсыныс жасаған болатын. Берген уәдесінде тұрмай, орта жолдан балаларыммен тастап кетті. 5-8 айға балаларыммен жалғыз қалдырып кете беретін. Балаларыма алимент төлемейді. Бірақ берген сұхбаттарында «балаларыма көмектесіп» тұрамын дегеніне ашу-ызам келеді. Оған ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң біздің отбасыны тастап кетті», - деді Ләззат Мырзаш.
Ол Маңғыстауда дәріс өткізгелі жатқан Омар Жәлелдің курсын да сынады.
«Мына азғын ілімді маңғаз Маңғыстауға жайылып, ұрпағыңның алдында масқара болмақшысың ба? Бұлардың адасушы ілімі киелі де қасиетті жерде тарауға тиесілі емес. Омар, саған ескертеміз, Адайда күйеу сабау деген дәстүр бар. Адай еш уақытта қызын, қарындасын қорлатып жылатып қоймаған», - деп жазды ол.