Әлімжеттік, басыну, қорлау: Мұғалімдерді ата-анадан қорғайтын заң қабылданды
Мұғалімдерді ата-ана мен оқушылар тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық, басыну әрекеттерінен қорғайтын заң қабылданды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оңтүстік Кореяда тоғыз апта бойы өз құқықтарын қорғаған мұғалімдердің талап-арызы ақыры қанағаттандырылды. Билік "Мұғалімдердің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын" қабылдады. Аталмыш заң білім беру қызметкерлерінің еңбегін қорғайды және оларды оқушылар мен ата-аналар тарапынан болатын психологиялық зорлық-зомбылықтан сақтайды.
Заң жобасының мәтінінде бұдан былай мұғалімдер балаларға қатысты қатыгездік туралы хабарламалар келіп түскен кезде лауазымдардан шеттетілмейтіні көрсетілген. Әрі мұндай даулы мәселе үшін міндетті түрде тиісті дәлелдер қажет болады.
Сонымен қатар оқушыларға дәлелді себептермен қолданылған тәртіптік жазалар үшін мұғалімдер бұдан былай жауапкершілікке тартылмайды.
Корей мұғалімдері мен білім беру одағы заң жобасын "қоғамдық білім беруді қалыпқа келтіру және мұғалімдердің беделін арттыру жолындағы алғашқы қадам" деп қуанып отыр.