Әлихан Смайылов Алматы әкімі бола ма?
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жақында ғана отставкаға кеткен бұрынғы үкімет басшысы Әлихан Смайылов Алматыға әкім болады, ал Ерболат Досаев министрлер кабинетін басқармақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Өз болжамын журналист Диас Нұрақын Facebooк-тегі парақшасында жазып, оқырмандарына сауал тастады.
“Үкімет отставкаға кетті. Әлихан Смайылов Алматы қаласына әкім болады деген болжам бар. Ал, министрлер кабинетін Досаев немесе Бозымбаев басқаруы мүмкін. Болжамдарыңызды айта беріңіздер”, - деп жазды Диас Нұрақын.
Құрметті оқырман, сіздер қалай ойлайсыздар?