Saturday, 23 November,2024

Әлихан Смайылов не бітірді? Президенттің бұрынғы Премьер-министрге көңілі толды ма?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Смайыловтың премьер-министр қызметіне баға берді, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Бүгін біз былтыр атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек. Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы "Премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын