Friday, 22 November,2024

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінде қалды

Алмас Абылай
Фото primeminister.kz

Amanat партиясы ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын депутаттар бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

“Жаңа ғана фракция жетекшілерімен кездестім. Ортақ мәмілеге келдік. Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адам, еңбекқор адам. Үкімет алдындағы міндеттерді жақсы біледі. Жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Мәжілістің келісім беруін сұраймын”, – деді Президент.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылдың қаңтарында премьер-министр қызметіне тағайындалған болатын.

Ұсынылатын