Әлихан Смайылов ресми сапармен Қытайға барды
Uaqyt.info

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.