- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Алла мені құтқарды”. Фариза Төреәлі денсаулығына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті
"Алла мені құтқарды”. Фариза Төреәлі денсаулығына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті
Қатерлі дертке шалдықты деп күдіктелген танымал блогер тексеріс нәтижесімен бөлісті. Түркиядағы мықты мамандар оның бойынан қауіпті аурудың белгілерін таппаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік ұйқы безінде, одан таралып өкпеге кеткен деген. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! Әлі шок күйіндемін. Бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер. Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін "соңғы күн" секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат", - деп жазды Фариза Төреәлі.