- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Алла қосқанына 26 жыл болды”. Толқын Забирова алғаш рет күйеуін көрсетті
“Алла қосқанына 26 жыл болды”. Толқын Забирова алғаш рет күйеуін көрсетті
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әрі опера әншісі Толқын Забирова алғаш рет күйеуін көрсетті. Оның айтуынша, отандасқандарына 26 жыл толыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Өмірлік жарымен Алла қосқанына 26 жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді! Бізді қосқан өнер жолы! Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды...жүрек таңдайды! Ия, ұлты қазақ болмағанмен,қазақ жерінде (Жамбыл облысы, Мерке ауданы) өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшаң теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. (Аттарын айтпай-ақ қояйын,білетін адам біледі). Адамгершілігі, жан пәктігі, кең жүрегі, (айтарым көп) болмаса, қасынан мен табылар ма едім?!”, - деп жазды Толқын Забирова.