Saturday, 23 November,2024

Алматы әкімі өзіне құрмет көрсеткен тұрғыннан кешірім сұрады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы Ерболат Досаев өзіне картина сыйлаймын деп, хейтке ұшыраған тұрғыннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Досаев қала тұрғындарымен кездесуінде бір қызық жайт орын алған болатын. Сол жиында қала тұрғыны әкімнің жұмысына көңілі толатынын айтып, тіпті өзі салған картинасын әкімге сыйға тартқан еді.

Ерболат Досаев хейтке ұшыраған жігіттен кешірім сұрады

Сол-ақ екен суретші жігіт қоғам тарапынан жағымсыз кейіпкерге айналып шыға келді. Хейтке ұшыраған азаматтан әкім кешірім сұрады.

Қалың қалай? Менің кесірімнен хейтке ұшырадың, сол үшін кешірім сұраймын. Шын жүректен жасалған сыйлықтар кейде қоғам тарапынан дұрыс қабылданбай жатады. Танымалдылықтың себебі де сол. Бір жағынан, жұмысыма берген оң бағаң үшін алғыс айтамын, екіншіден, саған келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын. Адамдардың бары сол, - деді Досаев.

Ұсынылатын