Tuesday, 22 October,2024

Алматы әуежайында ішіп алған қытайлықтар елді балағаттап есірді

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Алматы әуежайында 4 Қытай азаматы ұсталды. Олар ішіп алып айналасын ластаған, жұртты балағаттан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ақпаратында айтылады. Ақпаратқа сүйенсек олар әуе рейсінен түсірілген. Жағдай Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар арасында тіркеліп отыр.

"Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтары анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған", - делінген полиция ақпаратында.

Сондай-ақ, медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесі анықталды. Шетел азаматтарына қатысты әкімшілік кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Ұсынылатын