Saturday, 23 November,2024

Алматы әуежайында қауіпті қылмыскер ұсталды – ҰҚК

Uaqyt.info
Фото ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетіні 2023 жылдың 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға қосылуды жоспарлаған Қазақстан азаматын ұстады. Күдікті елімізден ұшып кетпекші болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұрын ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын