Monday, 13 May,2024

Алматы маңында күндіз 3 рет жер сілкінді

Алмас Абылай
Фото pixabay

Алматы маңында бүгін 3 рет жер сілкінісі болды. Ең жақыны 43 шақырым жерден тіркелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алғашқы жер дүмпуі таңғы сағат 07:40-та тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0, магнитудасы – 4.0 және 15 шақырым тереңдікте. Мұнан кейін сағат 8:55-те Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 3,8, тереңдігі – 5 шақырым. Екеуі де қалада сезілмеді.

Сейсмологтар түс ауа 16:12-де үшінші жер сілкінісін тіркеді. Ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан  солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жерде орналасқан.

Ұсынылатын